1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Жоғары аудиторлық палата анықтаған 34 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтар рәсімдік сипатта әрі егжей-тегжейлі құқықтық бағалауды қажет етеді. Анықталғандардың біршама бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Үкімет сағатынан кейін мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша кезекті рет түсініктеме берді. ӘМСҚ-да атап өткендей, Жоғары аудиторлық палата 2022–2023 жылдардағы Қор мен оның төрт филиалының қызметін медициналық көмек көлемін бөлу тиімділігін және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында тексерді. 3,8 трлн теңге сомасына 770 млн медициналық қызмет қамтылды.

«Аудит барысында 56 млн теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл Қордың қызметіндегі емес, жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі, медициналық қызметтер көрсету және қаржыландыру кезінде жіберілген бұзушылықтар. Бұл сома аудиторлық іс-шара барысында өтелді», – деп Қорда түсіндірді.

«Сондай-ақ, Жоғары аудиторлық палата денсаулық сақтау субъектілері жіберген және 34 млрд теңге сомасына ықтимал шығындар мен жіберілген пайдаға әкелген рәсімдік бұзушылықтарды анықтады. Бұл ақпараттық жүйелерден деректерді жүктеу негізінде анықталған шартты сәйкессіздіктер, олар бойынша медициналық көмек жеткізушілерін мұқият тексеру және одан әрі құқықтық бағалау қажет. Бұдан бөлек, жауапкершілік дәрежесін анықтап, олардың әрекеттері/әрекетсіздіктерінің қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін белгілеу және анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау қажет», – деп Қорда атап өтті.

Жоғары аудиторлық палата анықталған бұзушылықтар бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына одан әрі қарау және шаралар қабылдау үшін берді.

Аудит нәтижелері бойынша барлығы 20 ұсыным әзірленді, оның ішінде ҚР Үкіметіне – 3; Денсаулық сақтау министрлігіне – 11; Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – 6.

Қор қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындауды жалғастырып, өз қызметінің тиімділігін арттыру және МӘМС жүйесін жақсарту бойынша шаралар енгізуде.
Еске салайық, аудит қорытындылары бойынша баспасөз релизі бұған дейін Қордың ресми сайтында жарияланған болатын. Онда аудиттің негізгі қорытындылары, анықталған бұзушылықтар, ұсынымдар, сондай-ақ бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар толық баяндалған.
27.01.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу